Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ж. Қасымбек: «Восточный» ғарыш айлағының пайдалануға берілуі Байқонырдағы ұшулардың санына әсер етеді

«Восточный» ресейлік ғарыш айлағының пайдалануға берілуі Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңырдағы ұшулардың санына әсер ететін болады, деді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 18:27

 «Жалға алу құны өзгермейді , біз 2050 жылға дейін келісім жасастық, келісімнің шарттары өзгермейді. Әрине, «Восточный» ғарыш айлағын пайдалануға беру Байқоңырдың жұмысына әсер етеді. Бірінші ұшыру болды. Содан кейін міндетті түрде екінші, үшінші және оныншы ұшыру болады. Бұл Байқоңырдағы ұшудың санына әсер етеді»,-деді министр.

Оның айтуы бойынша, «Байқоңыр» кешенінің мәселесі Астана қаласында форум барысында талқыланатын болады, ал ол 4 қазан айында өтеді. Жиналысқа Қазақстан мен Ресейдің президенттері қатысады деп жоспарлануда.

«Байқоңыр бойынша үкімет аралық комиссияда кешенді дамыту мен пайдалануға беру бойынша тұжырымдама жылдың соңына дейін жасалады деп айтқан болатынбыз. Осы бағыт бойынша өзекті жұмыстар атқарудамыз»,-деді Ж.Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Қазақстанда кешенді 2050 жылға дейін жылына 115 млн доллар төлеп жалға алған.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика