Инвестициялар

Ж.Қасымбек: 8 айда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 12,6 млрд теңгені құрады

8 айда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 12,6 млрд теңгені құрады, деп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 18:14

«Негізгі капиталдың инвестициялық оң динамикасы сақталуда. Биылғы жылдың 8 айында инвестицияның негізгі капиталы 4,8% өсті (4,3 трлн. теңге – 12,6 млрд. долл.).Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында таза тікелей шетелдік инвестиция ағыны ұлғайып, 5,7 млрд. долларға жетті», - деді Ж.Қасымбек.

Туризмнің дамуы ішкі туризмнің өсуіне ықпал ететіндей туристік саланы 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес жүруде. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6% құрады. Бұрынғыдай Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма халық көп баратын негізгі бағыт ретінде қалып отыр.

«Қазақстан 25 жыл ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты. Ресей мен Америка топ ондыққа кіретін біздің басты инвесторларымыздың бірі.Қазақстанға 50 немесе 70 пайыз  инвестиция салатын тұрақты ел жоқ, бірақ  10 немесе 15 ел қажетті инвестиция көлемін құяды», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика