Басқару

Қазақстан 48 мемлекетке визасыз тәртіп енгізуді жоспарлауда (ФОТО)

Қазақстан 48 мемлекетке визасыз тәртіп енгізуді жоспарлауда, деп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 27 Қыркүйек, 17:26

«Туризмнің дамуы шкі туризмнің өсуіне ықпал ететіндей туристік саланы 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес жүруде. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6% құрады. Бұрынғыдай Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма халық көп баратын негізгі бағыт ретінде қалып отыр. 2017 жылдың қаңтарынан бастап экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізіледі (барлығы 48 мемлекет)», - деді Ж.Қасымбек.

Министр айтқандай, Ресей, Түркия, Италия, Германия Нидерланд, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артып отыр.

««Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңыздағы 8 автожолға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. (Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Астана-Павлодар-Семей, Бейнеу-Ақтау, Қапшағай-Талдықорған, Көкшетау-Петропавл, Орал-Каменка және Ақтөбе-Атырау). Қайта жаңғырту жұмыстарына 1,7 мың шақырым жол қамтылды. 2016 жылы 800 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда. Биылғы жылдың 8 айында жылдық жоспардағы жолды қайта жаңғырту жұмыстарының 70% орындалды.  Учаскелерде 415 шақырымға асфальтті және цемент бетонды жабындар төселді. (3 млн. тонна қиыршық тас, 250 мың тонна цемент, 125 мың тонна битум пайдаланылды. Бұлар отандық өнімдер. Бұл жұмыстарға 75 мың адам, 30 мердігер ұйым жұмылдырылды. Олардың 20-сы отандық компания)», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова 

Сурет: Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика