ҚР ИИДМБ

2016 жылдың 8 айында индустрияландыру жобалары 1,3 трлн теңгенің өнімін шығарды – ҚР ИДМ

Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан кезден бастап енген жобалар жалпы сомасы 7 трлн. теңгенің өнімін өндірген, деп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 17:03

«Индустриалды саясатты жүзеге асырудың нәтижесінде өңдеу секторы тұрақтанды және даму деңгейінде қалады. 2015 жылдың қортындысы бойынша өңдеу секторының өсімі 100,2% құрады. Аталмыш тенденция биыл да сақталып, 8 айдағы көрсеткіш 100,7% құрап отыр. Индустрияландыру бағдарламасының негізгі басым салаларының арқасында өсім артты. (қара және түсті металлургия, химиялық өнеркәсіп)», - дді министр.

Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан кезден бастап енген жобалар жалпы сомасы 7 трлн. теңгенің өнімін өндірген. Ал, 2016 жылдың 8 айында 1,3 трлн. теңгенің өнімі шығарылған.  Картаға енгізілген жобалар ай сайын 160 млрд. теңгеден асатам соманың өнімін өндіреді. Биылғы 8 айда іске қосылған жобалар есебінен жалпы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 17,5% шығарылды. 2010-2015 жылдары іске қосылған жобалар бойынша экспорттық өнім көлемі 1,5 трлн. теңгені құрады.

Жобалардың 93% жеке бизнес есебінен жүзеге асырылса, жалпы сомасы 277 млрд. теңге болатын 26 жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылды.

Негізгі капиталдың инвестициялық оң динамикасы сақталуда. Биылғы жылдың 8 айында инвестицияның негізгі капиталы 4,8% өсті (4,3 трлн. теңге – 12,6 млрд. долл.).

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында таза тікелей шетелдік инвестиция ағыны ұлғайып, 5,7 млрд. долларға жетті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика