Инфрақұрылымның дамуы

2016 жылы ОҚО-ның ауылдық жерлерінде 654 тұрғын үй пайдалануға берілді

2016 жылғы қаңтар-тамызда облыста 207881,2 млн.теңге инвестиция игерілді, оның ішінде 44,1% немесе 91637,8 млн.теңгесі ауылдық жерлерге тиесілі, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.
Южно-Казахстанская область28 Қыркүйек , 08:47

Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражаты болып табылады, олардың көлемі ауылдық жерлердегі инвестициялардың жалпы көлемінен  34,5% немесе 31604,9 млн. теңгені құрады.

Ауылдық жерлерде игерілген инвестициялардың жалпы көлеміндегі республикалық бюджеттің үлесі 7,3%, жергілікті бюджет –  26,1%, банктердің кредиттері -1,4% және  қарыз қаражаты – 30,8% құрайды.

2016 жылдың басынан жалпы алаңы 86,5 мың шаршы метрді құрайтын 654 тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысында жалпы алаңның 1 шаршы метрінің орташа құны 48,3 мың теңгені құрады. Тұрғын емес оъектілер бойынша осы кезеңде ауылдық жерлерде 7325 оқушы орынды 28 жалпы білім беретін мектеп, 1040 орынды 6 мектепке дейінгі мекеме, ауысымына 120 келушілерге арналған 1 амбулаторлық-поликлиникалық  мекеме  пайдалануға берілді.

 




Яндекс.Метрика