Ұлттың денсаулығы

Алматыда 2017 жылғы Универсиадаға еріктілерді іріктеу басталады

2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиадаға еріктілерді іріктеудің басталғаны хабарланды. Шаһардағы ЖОО-да, дирекция қызметкерлері алдағы халықаралық жарыстың еріктілер қозғалысы туралы таныстырылымын жасайды, деп хабарлады Универсиадағы дайындық туралы дирекция.
Алматы қаласы27 Қыркүйек , 19:12

Еріктілерді іріктеудің негізгі кезеңі бүгін, 27 қыркүйекте басталады. Қазіргі уақытта, Алматыдағы университеттерде Универсиаданың еріктілер қозғалысы туралы таныстырылмдар өткізілуде. Шаһардағы алдыңғы қатарлы ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Бұдан бөлек, Универсиада сайтында өтініштер қабылдау жалғасуда және үміткерлермен танысу өтуде. Оларды алдағы бұқаралық, мәдени, спорттық және де басқа шараларға тарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

«Универсиадаға дайындық барысында еріктілер тренингтерден өтіп қана қоймай, олардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиетін дамыту үшін түрлі командалық ойындар, спорттық нысандарда квестер ұйымдастырамыз. Еріктілерді тартуда бізге, қазақстандық актерлар мен шоу-бизнес өкілдері көмектесуде», - деді 2017 жылғы Универсиадаға дайындалу мен өткізу дирекциясы басшысының орынбасары  Камила Лұқпанова.

Дирекция мәліметінше, 2017 жылғы Универсиадаға әсіресе, Ресей, Германия,  Беларусь, Польша, Корея, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Қырғызстаннан халықаралық еріктілер қызығушылық танытуда.

«2017 жылғы Универсиада кезінде 100 халықаралық еріктіні жұмылдыруды жоспарлаудамыз. Олардың барлығы кез-келген ауа-райына арналған спорттық киіммен, тамақпен, ұялы байланыспен, қалада көлікпен еркін жүруге мүмкідік алады. Эстафета Алауын іске асыруда, біз барлық халықаралық еріктілермен, өңірлердегі белсенділермен тығыз байланыстамы. Ерікті болғысы келетін кез-келген адам, almaty2017.com сайтына кіріп, анкета толтыра алады», - деді  2017 жылғы Универсиадаға дайындалу мен өткізу дирекциясы басшысының орынбасары.

27 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, Универсиаданың ресми сайты арқылы 5000-нан астам үміткерлер тіркелген. Оның 1300 өтініші –  Алматы қаласы ЖОО-ның студенттерінен келген.  Жалпы, Универсиаданы ұйымдастыруға 3 мың ерікті тартылмақ. Универсиада кезінде еріктілер 30 функционалды бағытта қызмет атқарып, Алматыға келген спортшыларға, бапкерлерге, делегаттарға және туристтерге қажетті қызметті ұсынады.




Яндекс.Метрика