Халықаралық интеграция

Сингапур Қазақстанмен мемлекеттік мекемелерді жекешелендіруді жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісуге әзір

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға сапармен келген Сингапур Республикасының Құрметті аға министрі, бұрынғы Премьер-министрі, Парламенттің депутаты Го Чок Тонгпен кездесті, деп хабарлады Сенат.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 16:32

Қ.Тоқаев Қазақстанда Сингапур жоғары деңгейде дамыған, көп ұлтты мемлекет ретінде шынайы құрметке ие екенін атап өтті. Сингапурдың тұңғыш Премьер-министрі Ли Куан Ю 1991 жылы Қазақстанға келгені, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1996 және 2003 жылдары Сингапурға сапарлары екіжақты байланыстардың берік негізін қалады, сондай-ақ алдыңғы саптағы мемлекетті құруда Сингапур тәжірибесін мұқият зерделеудің мүмкіндігіне ие болды.

 Төраға Қазақстанның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі, сондай-ақ еліміздегі бес институттық реформаны іске асырудағы ұлт жоспарының орындалуы туралы әңгімеледі. Сенат Төрағасының сәуірдегі Сингапурға сапары барысында жаңа деңгейге көтерілген екіжақты парламентаралық байланыстары кездесу барысында жоғары бағаға ие болды.

 Қазақстанда Парламент Төрағасы Халима Якоб бастаған сингапурдың жауап ретіндегі сапары күтілуде. Сингапурлық саясаткер өз кезегінде Қазақстан Орталық Азиядағы аса маңызды мемлекет екенін, оған Сингапурдың негізін салушы Ли Кун Ю назар аударғанын атап өтті.

 Го Чок Тонгтың айтуынша, оның Астанаға сапарының мақсаты АСЕАН, Қытай және Үндістан аймағында басым шоғырланған сингапурлық бизнестің назарын Қазақстанға аудару болып табылады. Бұл тұрғыда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі зор мүмкіндіктер туғызады. Құрметті аға министр екі елдің бизнес саласындағы делегацияларының алмасуларына ықпал етуді маңызды деп санайды. Сонымен қатар Сингапур мемлекеттік мекемелерді жекешелендіруді жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісуге әзір.

Мейманның пікірінше, саяси институттарды нығайтуды, салық жүйесін және басқа да бағыттарды жетілдіруді білдіретін «жұмсақ инфрақұрылым» («soft infrastructure») салаларын дамытуда екі елдің мемлекеттік аппараттары арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор.

Оған «Назарбаев университеті» мен Ли Кун Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі арасындағы әріптестік өзара іс-қимылдың тамаша үлгісі болып табылады. Го Чок Тонг сонымен қатар Сингапур тарапы қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы арқылы екі экономиканың өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерделеп жатқанын хабарлады.
 




Яндекс.Метрика