Білім беру

ШҚО-ның 667 білім беру мекемесінде үш тілде білім беру енгізілуде

Шығыс Қазақстан облысында 274 балабақша мен 667 білім беру мекемелеріне үш тілде білім беру енгізілуде, деп ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының директоры Мұңлық Асанова брифинг барысында мәлім етті.
Шығыс Қазақстан 27 Қыркүйек, 19:54

Оның айтуы бойынша, облыста шамамен 700 мыңнан астам балалар 796 мектепке дейінгі мекемелерде оқиды, 170 мыңнан астам балалар – 667 мектепте. Жоспарды іске асыра отырып, ШҚО-ның білім беру мекемесі мектептерді бір типке әкелуге талпыныс жасауда. Ол жерде үш тілде білім беру жоғары деңгейде болады.

М. Асанованың айтуынша, үш тілділікті енгізудің бірінші кезеңінде ШҚО-да 3172 ұстаздың тілдік тәртіпті білу бойынша диагностикасын білуі тексерілді. 790 қазақ және орыс тілді мұғалімдер сабақ беру әдісі бойынша біліктілікті жоғарылату курсын өтті. Тағы 2500 мұғалім жылдың соңына дейін курсты өтетін болады. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушылар қазақа тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бойынша кітаптар және әдістемелік оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

«Үш тілді жоспардың іске асырылуынан бастап, мұғалімдердің тәжірибелік біліктілігі артады. Біздің оқушылар үш тілде еркін сөйлейтін болады, қазақстандық және шетелдік ЖОО-да оқуларын жалғастыру үшін халықаралық емтихандарды тапсыруға мүмкін алады. Әрине, біздің алдымызда көп еңбектенетін жұмыс тұр және біз оны бастадық»,-деді М. Асанова.

Айта кететін жайт, тек 2019 жылы 10-11 сынып оқушыларына төрт пән бойынша сабақ ағылшынша оқытылатын болады: химия, физика, информатика және  биология.





Яндекс.Метрика