Адами капитал

С.Битаев: Волонтерлар жылу маусымы кезінде өрт қауіпсіздігінің тәртіптерін түсіндіруге көмектесе алады

Волонтерлар жылу маусымы кезінде өрт қауіпсіздігінің тәртіптерін түсіндіруге көмектесе алады.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаев айтып өтті.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 16:01

«2016 жылғы қазан айында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізу жоспарлануда, онда қысқы кезеңде тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің дұрыс жұмыс істеуіне және азаматтардың қауіпсіздігіне байланысты сұрақтар кешенінің барлығы қаралатын болады. Осындай жұмыс жергілікті жерлерде, облыстардың, қалалардың және аудандардың  әкімдері басқаратын төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар деңгейінде ұйымдастырылатын болады», - деді С. Битаев.

Жылу беру маусымындағы өрттер кезінде адамдардың қаза болуының және жарақат алуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Комитеттің аумақтық бөлімшелері азаматтық қорғау органдарының 4 мыңнан астам қызметкерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі сенбіліктері өткізілуде, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 80 мыңға жуық ақпараттық брошюралар, нұсқаулықтар және жаднамалар таратылды. Осылайша 50  мыңнан астам тұрғын үй қамтылды.

Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау және өрт болған кездегі іс-қимылдар бойынша 237 нұсқаулық жүргізілді, 3,5 мыңнан артық жұмысшы қамтылды. Жедел тактикалық жағынан аса қиын объектілерде өрт сөндірудің жедел құжаттамасын түзету арқылы 77 өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

«Сіздер арқылы да республикамыздағы волонтерлер қауымдастықтарына өтініш жасағым келіп отыр. Соңғы уақытта Қазақстанда волонтерлер қауымдастығының жұмысы күшейіп бара жатқаны белгілі, біздің бөлімшелеріміздің волонтерлардің қатысуымен бірнеше рет жүргізілген іздестіру жұмыстары осыған дәлел. Бүгінгі күні біз тағы да волонтерлерді халық арасында үгіттеу-профилактикалық жұмыстарды кеңінен жүргізу мәселелері жағынан көмек көрсетуге шақырғымыз келіп отыр,- деп С. Битаев атап өтті.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті тұрғын үйлерде (пәтерлерде) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын мүлтіксіз сақтауға және орындауға шақырады.

 




Яндекс.Метрика