Адами капитал

С.Битаев: 2015-2016 жылдарғы жылу беру маусымында ТЖК күштері 743 адамды құтқарып қалды (ФОТО)

2015-2016 жылдарғы жылу беру маусымында ТЖК күштері 743 адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаев айтып өтті.
Нұр-Сұлтан 27 Қыркүйек, 15:43

«Өкінішке қарай, өткізіліп жатқан үгіттеу-профилактикалық жұмыстарға қарамастан, 2015-2016 жылдарғы жылу беру маусымында республикада 7 616 өрт тіркелді, келтірілген материалдық залал 1, 29 млрд. теңгені құрады. 370 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды»,- деп Сәбит Битаев атап өтті.

Өрттердің шығуының негізгі себептеріне халықтың отты абайсыз пайдалануы ( 2 273 оқиға, ол тұрғын сектордағы өрттердің жалпы санының 40%-ын құрайды), пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзу (1147 оқиға, өрттердің жалпы санының 20%), электр жабдықтарды монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу (746 оқиға, немесе 13%).

С. Битаев ведомство жүргізіп жатқан өрт профилактика шаралары туралы да айтып өтті. Мәселен, ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте жылу беру кезеңі басталар алдында республика бойынша тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Азамат Әлиев 

 

 





Яндекс.Метрика