Өңірлер

Батыс Қазақстанда 133 мың га суармалы жер пайда болады

Биыл қазан айында су арнасының 55 шақырым бөлігін жөндеу аяқталады, деп хабарлады БҚО әкімдігі.
Батыс Қазақстан27 Қыркүйек , 17:43

 Сонымен қатар, қазіргі кезде екінші кезең жұмысы жүргізілуде. Магистральдың 74 шақырым бөлігін жөндеуді қолға алған.

Су арнасын шөгінділерден тазарту, тереңдету, кеңейту жұмыстарымен қатар, магистраль бойында қақпаларды қарауылдайтын қызметкерлерге арналған үйлер салынуда, көпірлер жөнделуде, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Мердігерлер іске қосқен эксковаторлар су арнасын тынымсыз тазалауда.

 Екінші кезең жұмысын бітіруге 854 млн. теңге жұмсау қажет. Қазіргі кезде 120 миллион теңге қаржы игерілді.

Екінші кезең жұмысын аяқтауға алдағы уақытта республикалық бюджеттен 600 млн. теңге бөлінеді. Бұған өңірімізден сайланған ҚР Парламент депутаттары да ықпал етті. Енді үшінші кезең бойынша Киров-Шежін су магистралінің 54 шақырымын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Егер қаражат бөлінсе, келесі жылы бастаймыз.

Бұл кезеңде 18 шақырым су арнасы жаңадан қазылады. Жалпы бұл жобаның мақсаты – бұл магистраль арқылы Жайық суын Қараөзенге жеткізу. Сонда Ресейдегі Еділ өзенінен босатылатын су құнына төлейтін 100 млн. теңге қаражаттан 30 миллион теңге үнемдейміз. Сондай-ақ төрт ауданның аумағын қамтитын 133 мың га суармалы жер пайда болады. Магистраль бойына шаруа қожалықтары орналасып, жұмыс орындары ашылады.




Яндекс.Метрика