Өңірлер

ОҚО-да тамшылатып суару жүйесін өндіретін зауыт салынады

Су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область27 Қыркүйек , 16:54

Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады. Кәсіпорын іске қосылғанда мұнда 120 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, осы жылдың 28-29 сәуірінде облысымызда өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Golden Camel Group LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. 

Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар - жергілікті ауыл шуаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерінің өндірушілері болмақ. 

Жалпы жыл басынан бері облыста тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардың республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді. 

 




Яндекс.Метрика