EXPO-2017

Кариб қоғамдастығына мүше 10 ел ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясы аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Кариб қоғамдастығының Бас хатшысы КАРИКОМ) Ирвин Ла Рокомпен кездесті. Тараптар КАРИКОМ-ның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы келісімшартқа қол қойды.
Әлемде27 Қыркүйек , 16:23

Кездесу барысында Р.Жошыбаев көрменің дайындық жұмыстарымен таныстырды және И.Ла Роканы 2017 жылдың басында халықаралық қатысушылардың жиналысына қатысуға Астана қаласына шақырды. КАРИКОМ-ның бас хатшысы «Болашақтың энергиясы» атты көрменің тақырыбын өзекті тақырып екендігін айтып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Тараптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның мүшелігі шеңберінде тығыз диалогты қолдауға ниеттерін растады. Аталмыш бағыт Кариб қауымдастығының елдеріне ерекше қызығушылық танытады.

Бүгінгі күні қауымдастыққа мүше он ел көрмеге қатысатындықтарын растады- Антигуа және Барбуда, Белиз, Доминика, Гренада, Гайана, Гаити, Сент-Китс және Невис, Сент-Винсент және Гренадины, Сент-Люсия және Суринам. Бірыңғай Комиссар ретінде КАРИКОМ-ның Бас хатшысы болады.

Сапар барысында Р.Жошыбаев Бас хатшылықтың орынбасары - БҰҰ-ның жоғары өкілі Гияно Чандро Ачаримен келіссөз жүргізді. Тараптар БҰҰ жағынан «ЭКСПО-2017» көрмесіне бірыңғай комиссарды сайлау бойынша мәселені талқылады.

Анықтама үшін: КАРИКОМ 1973 жылы Карибтің еркін сауда қауымдастығының мұрагері ретінде қалыптасты. Қазақстан КАРИКОМ Хатшылығы жанында Орталық Азиядағы алғашқы аккредитталған мемлекетт болып табылады.




Яндекс.Метрика