Өңірлер

Биыл Атырау облысында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 49,6%-ға өсті

2016 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда тауар айналымы 144963,4 млн. теңге құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8% кем, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Атырау27 Қыркүйек , 20:13

Жеке меншік кәсіпорындардың және жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу айналымы 125027,7 млн. теңге (86,2%), басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғаларының және азаматтарының меншігінен 19935,7 млн. теңге (13,8%) құрады.

2016 жылғы қаңтар-тамызда облыстың көтерме тауар айналымы 196066 млн. теңге құрап, 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 24,9% кеміді. Тауар айналым көлемінің басым көпшілігі (көтерме сауда көлемінің 76%) мемлекеттік емес сектор арқылы жүзеге асырылды.

2016 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек тауар айналымының қомақты өсуі өткен жылғы сәйкес  кезеңмен салыстырғанда Индер (139,7%-ға) және Құрманғазы (26,7%-ға) аудандарында байқалды.

 




Яндекс.Метрика