Халықаралық интеграция

Сингапур мен Қазақстан мемлекеттік басқару саласында ынтымақтасуға ниетті

Сингапурдың Мемлекеттік басқару колледжі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды, деп ҚР Сенат депутаттарының алдында Сингапур парламентінің мүшесі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонго сөз сөйледі.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 14:13

«Біздің елдеріміз түрлі географиялық бағыттарда орналасқан,  ал экономикалары бірін-бірі толықтырады. Біз тараптар арасында мықты ынтымақтастықты жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді зерттеудеміз. Сингапур әрдайым жақсы экономикалық қарым-қатынасты іздейді. Оған инвестициялық келісім шарт және ЕАЭО-мен еркін сауда аймағы кіреді. Сонымен қатар, «Астана» халықаралық қаржы орталығында Сингапурдың беделін қалай пайдалану керектігін ізденуіміз керек»,-деді Го Чок Тонг.

Сонымен қатар, сарапшы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Қазақстанмен Орталық Азиядағы ынтымақтастық тағы бір мүмкіндігі ретінде атап өтті.

«Қытай мен Қазақстан жаңа Жібек жолының негізгі түйіні болып табылады. Сингапур Қытаймен өздерінің келісімдері бойынша жұмыс атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және әлеуетті даму саласында өз тәжірибемізбен бөлісеміз. Мен Назарбаев университеті Ли Куан Ю мемлекеттік басқару мектебімен жақсы қарым-қатынас орнатқанына қуанамын. Сингапурдың Мемлекеттік басқару колледжі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды. Алайда, басқару бойынша модельдің қайталануы жақсы жолдың бірі болмауы мүмкін»,-деді Го Чок Тонг.

Сөзін қорытындылай келе Го Чок Тонг ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен алда болатын кездесу туралы айтты.

«Менің сапарым елдер мен халықтар үшін жақсы ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесетін болады деп сенемін»,-деді Го Чок Тонг.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Премьер-Минитсрі Бақытжан Сағынтаев Сингапур парламентінің мүшесі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонгомен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, өзара сауда-саттық көлемін арттыру үшін жағдайлар тудыру қажеттігін атап өтті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика