Үкімет

«Агробизнес-2020» және «БЖК-2020» бағдарламаларын қайта қараудан түсетін қаржы ШОБ-ті несиелеуге бағытталады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев отандық министрлерге «Агробизнес-2020» және «БЖК-2020» бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды, одан түскен қаржыны ШОБ-ті несиелеуге бағыттауды тапсырды.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 14:02

«Біз «Атамекен» ҰКП басқармасы және екінші дәрежелі банктермен  кездесу өткіздік, бәрінде несиелендіру мәселесі бар. Бізде мемлекеттік бағдарламаларды барлығы қолдайды, Мемлекет басшысы қосымша қаражат бөледі, бірақ, қазір «Агробизнес-2020» және «БЖК-2020» бағдарламаларын қайта қарау міндеті тұрғандықтан, оны жүзеге асыру керек, себебі бағдарламалар аясынан қомақты қаржы есептеп шығаруға болады. Егер ол жақтағы жағдайды қайта қарастыратын болсақ, түскен қаражатты отандық бизнесті несиелеуге бағыттай аламыз», - деді Үкімет басшысы министрлерге.

Бақытжан Сағынтаев орынбасары Асқар Мәминге мемлекеттік бағдарламалар мен қажетті жұмысты өз бақылауында ұстауын тапсырды.

Айта кетейік, Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың баяндамасына сәйкес экономикадағы банктердің несие көлемі  2016 жылдың басындағы көрсеткіште сақталып, 1 қыркүйекте  12,7 трлн теңгені құрады. 8 ай ішінде  6,3 трлн теңгенің несиесі берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  500 млрд теңгеге жоғары.

«Шағын кәсіпкерліктің субъектілерін несиелеу  8 айда 728 млрд теңгеге ұлғайды, ол  35 пайызға өсім болғанын көрсетеді. Демек, бұл жерде ЕДБ қаражаты жұмыс істеді. Біз несиелік портфель көлемі өсетіндігін күтеміз», - деді ол. 




Яндекс.Метрика