Үкімет

А.Мырзахметов: Қазақстанда ШОБ-ті несиелендіру көлемі артуда

Елімізде несиелендірудің деңгейі шағын өсімді көрсетті. 1 тоқсан қорытындысы бойынша несиелендірудің көлемі 12,5 трлн теңгені көрсетті, 2016 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша көлем 12,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 13:29

«Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында құлдыраудан кейінгі несиелендірудің деңгейі біртіндеп өсу үстінде. Шағын өсім айырбас бағамына өзгерістер енгізумен байланысты. Жалпы алғанда, соңғы екі жылда несиелік нарықтың тоқырауы болуда. Нақты өсім байқалмайды»,-деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, А.Мырзахметов заңды тұлғалар несиесінің тұрақсыз динамикасы тұрғысында, ШОБ-қа қарыз тұрақты өсуде – ШОБ несиесінің өсімі 47,7 пайызды құрайтындығын айтып өтті.

«Осындай нәтиже мемлекеттің айтарлықтай қолдауы аясында болды. Айтарлықтай қаражат бөлінді, теңге қарыздары бойынша ШОБ-тің орташа мөлшерлемесі шамамен 14 пайызды құрады, ол кезде ЗТ мөлшерлемесі 16 пайызға жетті. Нақты осы несиелер бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұрады»,-деді ол.

Сонымен қатар, несие бойынша жоғары мөлшерлемеліктерді айтып отырады, ол нарықта ақшаның жоғары бағасымен байланысты. Алайда, қорландыру құнын төмендету үшін әлеует бар. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі 13 пайызға дейін төмендетілді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика