Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Го Чок Тонг: «Қазақстан-2050» мен «Нұрлы жол» - елдің табысты дамуының келешегі

«Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Нұрлы жол» мемлекеттің бағдарламасы - Қазақстанға одан әрі табысты даму жолында бағдаршы болады. Бұл туралы Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонг Парламент сенатының депутаттары алдында айтты.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 13:17

«Соңғы жарты ғасырдағы дамыған  тәуелсіз елдердің тәжірибесін  ескере отырып, мен  өзім үшін бір шешімге  келдім,  білікті басшылық пен   ұйымшыл халық   ел дамуының басты кепілдігі болып саналады. Мықты көшбасшы  адамдарды біріктіріп,  оларды мақсатты жұмыс істеуге бағыттайды. Сингапур жоспарлау жағынан келгенде бірегей ел. Біз үлкен мұхиттағы шағын мемлекет бола тұра  популизм негізінде қызмет атқарған басшылыққа билікті бере алмаймыз. Қазақстанның артықшылығы ел басында білікті, көреген Нұрсұлтан Назарбаевтың болуы. Бұл маңызды мәселе», - деді Го Чок Тонг.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан – жарқын болашағы бар жас мемлекет.

«Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр.  Оның болашағы жарқын.  Сингапурге  қарағанда бұл елде әлсіз тараптарды  қуаттыға қалай айналдыру немесе тұрақты даму негізінде  пайдалы қазбаларды  өмір сүрудің жоғары стандартына  трансформациялау мәселелерін шешу тұрған жоқ.  ҚР Президенті Н.Назарбаев «болашақ біздің қазіргі жетістіктерімізге тәуелді. Бүгін болашақта даму үшін мүмкіндік беріледі» деген сөзі бар. Мен қазақстандық Үкіметтің  тәуекелді қабылдап, оған орнықты шара қолдана алатындығына кәміл сенем.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» мемлекеттің  бағдарламасы  - Қазақстанға одан әрі оңтайлы даму жолында бағдаршы болады

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика