Білім беру

Е.Сағадиев: ҰБТ-ны өткізудің жаңа жобасы педагогикалық қауымдастықта талқыланып жатыр

ҰБТ-ны өткізудің жаңа жобасы педагогикалық қауымдастықта талқыланып жатыр. Бұл талқылаудың қорытындысы бойынша жоба министрліктің сайтында бұқаралық талқылауға ұсынылады, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәслихат барысында.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 13:06

Жаңа жоба дәстүрлі эмтихандардың тапсырылуын мектептерде, ҰБТ-ны ЖОО-ларда тапсырылуын  қарастырады.

 «Мектепте түлектер бiрқатар пән бойынша емтихан тапсырады. Ал Ұлттық бiрыңғай тестiлеу бұрынғыша өткiзiле бередi. Тек сұрақтар құрылымы өзгередi. Жоба бойынша 60 сұрақ стандартты болады. 60 сұрақ 30-дан екi блокка бөлiнедi, олар мамандыққа байланысты болады. Мәселен, түлек медициналық мамандықты таңдаса, 60 стандартты сұраққа жауап бередi, осыған қоса 60 сұрақ болады, 30-ы биология, 30-ы химия бойынша. Қалған тәртiпке айтарлықтай өзгерiс енгiзiлмейдi», - дедi Е.Сағадиев.

Министр атап өткендей, бұл жоба қазiр дайын, ол шағын құрамдағы педагогтар қауымдастығына талқыға ұсынылған. Қазiр соңғы жоба жоқ. Әзiрге дайын жоба педагогикалық қауымдастыққа талқыға ұсынылады.

«50-ге жуық мектеп директоры, ректорлар талқылауға қатысып жатыр. Осыдан кейiн жобаны министрлiктiң сайтына iлемiз. Содан кейiн сол жерде пiкiрлердi жинап, қарастырамыз», - дедi Е.Сағадиев.

 




Яндекс.Метрика