Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Франция ғарыш бағдарламалары саласында ынтымақтастықты күшейтуде

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы Еркін Шаймағамбетов бастаған Қазғарыш делегациясы жұмыс сапарымен Франциядан оралды, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Әлемде27 Қыркүйек , 17:59

Қазғарыштың басшысы жұмыс сапары барысында «Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») француз компаниясының басшылығымен кездесті, сондай-ақ «Ғалам» қазақстан-француз кәсіпорнының («Ғалам» ЖШС) Байқау кеңесінің (БК) отырысына қатысты, Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығын аралап көрді.

Қазғарыш делегациясы «Astrolabe» кәсіпорнындағы арнайы «Airbus D&S» оптикалық құрал-саймандарының ғимараттарын, «Airbus Geo Intellegence» еншілес кәсіпорнының жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу және тарату орталығын, «Intespace» кәсіпорнының вибрациялық стендін, термовакуумдық, реверберациондық акустикалық камераларын аралап көрді. Қазғарыш өкілдері «Cite de l’Espace» ғарыш-паркіне барып, Француз Республикасының ғарыш саласын дамытуға арналған тақырыптық экспозициялармен танысты.

 «Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығының құрылуы мен жұмыс істеу тәжірибесі біз үшін өте қажет, өйткені біз де Қазақстанда Ұлттық ғарыш орталығын салып жатырмыз, оның басты объектісі француздық әріптестермен бірлесіп құрып жатқан ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені болмақ», – деп атап өтті  Қазғарыш басшысы Е. Шаймағамбетов.

Өз кезегінде «Airbus D&S» компаниясының аға вице-президенті, бірлескен қазақстандық-француздық жобаларға жауапты тұлға Хьюго Лапорт осы компанияның ғарыш жүйелерінің басшысы Николя Шамуссидің атынан Е.Шаймағамбетовті Қазғарыштың төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

«Сіз ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы ретінде жаңа лауазымда жұмыс істей отырып, Қазақстан пен Францияның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру мүддесіндегі біздің нәтижелі ынтымақтастығымызды нығайтуға, сондай-ақ әлемдік ғарыш қызметінің көшбасшыларының бірі ретінде, Қазақстан Республикасының рөлін нығайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастыруға ықпал етеді деп сенім білдіреміз», – Х. Лапорт.

Бұдан басқа, құрамына «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Марат Нұрғожин, «Ғалам» ЖШС Бас директоры Баубек Оралмағамбетов, Қарғарыштың мамандары кіретін қазақстандық делегация «Airbus D&S» стратегиялық серіктес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Бірлескен жобаларды іске асырудың алғашқы нәтижелері қарастырылды. Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің нәтижелері – бұл ғарыш түсірілімдерін тұтынушылардың халықаралық нарыққа шығуы.

«Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мәселесіне баса назар аударылды, ол үшін қазір Еуропадан технологиялық жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылуда», – деп атап өтті М. Нұрғожин.

Сонымен қатар, тараптар одан әрі ынтымақтастық жөніндегі перспективалық жобаларды талқылады.




Яндекс.Метрика