Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев: Сингапурдың экономикалық тәжірибесі -Қазақстан үшін маңызды үлгі (ФОТО)

Сингапурдың экономикалық тәжірибесі 30 дамыған ел қатарына кіруді мақсат етіп жүрген Қазақстан үшін маңызды үлгі, деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонгті жоғарғы палатада таныстыру барысында.
Нұр-Сұлтан 27 Қыркүйек, 12:39

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен   Қазақстанға Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі,  Құрметті жоғарғы министрі Го Чок Тонг сапарлап келді. Бүгін сапар аясында  Парламент депутаттарымен кездесу мүмкіндігі туды. Биылғы жылдың көктем мезгілінде  парламенттік делегацияның Сингапурға сапарлауы  кезінде Сингапур Президенті  Тони Там Кен Ям, Сингапурдың  парламент  спикері  Халима Як және құрметті жоғарғы министрі  Го Чок Тонгпен кездесулер өткізілген болатын. Кездесуде  Го мырза Сенат депутаттары алдында сөз сөйлеуге келіскен болатын», - деді Қ.Тоқаев.

Сенат Төрағасы айтқандай, Го Чок Тонг  Сингапурдың негізін  қалаушы Ли Куан Юдің ісін жалғастырушы.

«1990 -2004 жылдар аралығында Го Сингапур Үкіметін басқарған болатын, оның басшылығымен ел экономикалық дамыған әрі саяси тұрақталған мемлекетке айналды. Го мырза Сингапурдың алғашқы премьер-министрі,  негізін қалаушы  Ли Куан Юдің  ісін жалғастырды. Ол премьер-министр болып тұрған кезеңде жалпы ішкі өнім адам басына шаққанда  22 мыңнан 44 мың долларға дейін өсті. Бүгінде Сингапур Республикасы әлемнің ең бай елдерінің  ондығына кіреді. Жүзеге асқан өзгертулер «сингапурлық ғажайып» атағына ие болды», - деді Қ.Тоқаев.

Сенат Спикері атап өткендей, Сингапур  Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі екендігін атап өтті.

«Сингапурдың экономикалық тәжірибесі  30 дамыған ел қатарына кіруді мақсат етіп жүрген  Қазақстан үшін маңызды үлгі», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика