Үкімет

2017 жылдан бастап мектептің медициналық пунктері еліміздің емханалар құрамына кіреді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында бүгін Үкіметтің отырысында мектеп оқушыларына медициналық қызмет көрсету қызметін денсаулық сақтау ұйымына бекіту ұсынылды.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 12:31

«2018 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап Медициналық сақтандыру қорына мемлекет балалар үшін алымдар мен төлемдер беріп тұрады. Сол себепті, балаларға медициналық көмек көрсету келесі жылдан бастап Медициналық сақтандыру қорынан іске асырылатын болады.  Ал бүгін ол білім беру жүйесімен іске асырылуда. Осылайша, білім беру нысандарына денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі бекітілген. Осыған орай, білім беру салаларындағы медициналық қызмет көрсету жұмыстарын денсаулық сақтау ұйымына бекіту керек»,-деді Т.Дүйсенова.

Аталмыш міндеттерді тапсыруда ұйымдастырушылық өзгерістер жасалатын болады. Мектептің медпунктерін  емхананың құрылымдық бөлімшелері ретінде жасау жоспарланған.

«Енді білім беру жүйесінде болған  медициналық пунктер емхананың құрылымдық бөлімшесі болады. Медициналық бөлімшелерге қызметкерлер алынады, мектеп оқушыларының бірыңғай регистрі жасалады. Біз Медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыру мәселесін ғана қарастырып қоймаймыз, сонымен қатар балаларға медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту бойынша шараларды қарастырамыз»,-деді ҚР ДСӘДМ басшысы.

Осы мақсат үшін қаражат «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған. Келесі үш жылға 5,9 млрд теңге сомасында қаражат бөлінген.




Яндекс.Метрика