Үкімет

2016 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында мемлекеттік сатып алудың қазақстандық үлесі 76% құрады

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында мемлекеттік сатып алудың қазақстандық үлесі 76% құрады, нақты өнімділік 2016 жылдың қыркүйегінде 4,5 трлн теңгені құрады, деп Үкіметтің бүгінгі отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 12:19

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында мемлекеттік сатып алудың қазақстандық үлесі 76% құрады, нақты өнімділік 2016 жылдың қыркүйегінде 4,5 трлн теңгені құрады, оның ішінде жергілікті қамту 2,6 мрлн теңгеге немесе 76 пайыз болды»,-деді ол.

А.Мырзахметов Астана, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жұмыстың өзекті жүріп жатқандығын айтып өтті.

«Самұрық-Қазынаның» 8 ірі еншілес компаниясымен қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды  ( ««Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ; «Қазатомпром» АҚ; ««ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ; «KEGOC» АҚ;  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ; «Қазахтелеком» АҚ; «Тау-Кең Самұрық» АҚ;  «Самұрық-Энерго» АҚ)»,-деді ол.

Келісімнің негізгі тапсырмасы- жұмыс тобын құру, жергілікті мазмұнды дамыту саласындағы ынтымақтастық, қазақстандық өндірушілерді тапсырыстармен қамтамасыз ету бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компания тобының тарапынан шаралар қолдану.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика