Үкімет

Премьер-Министр барлық әлеуметтік нысандардың құрылысын 16 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырды

Бүгiн Үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осы саладағы қалған жоспарланған жұмысты тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мерейтойына дейiн аяқтап, халыққа есеп беру қажеттiгiн айтты.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:54

«Елiмiзде 25 жылда 1 миллионға жуық отбасы баспаналы болды. 1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау нысандары iске қосылып отыр. Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығына дейiн қалған аз уақытта қалған нысандардың бәрiн уақытында бiтiрiп, тұрғындарға жұмысымыздың бiткенi туралы есебiмiздi беруiмiз қажет. Бүкiл шаруамызды бiтiруге мүмкiндiгiмiз жеткiлiкті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы метр үй салу көзделген, оның iшiнде 1,7 млн шаршы метр жалдамалы үй, 2 млн шаршы метр кредиттiк баспана және 0,8 млн шаршы метр коммерциялық үй пайдалануға берiледi. Бұл мақсатқа 145 млрд теңге бөлiндi, оның iшiнде 2015 жылы жалдамалы және кредиттiк баспана салуға 122,5 млрд теңге, ал 2016 жылы жалдамалы баспана құрылысын жалғастыруға 22,5 млрд теңге қарастырылған», - деді ол.

Үкімет басшысы әкімдерге  «Нұрлы жер» бағдарламасы  бойынша есеп пен ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Қазақстан мен Ресей  өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы аясында жұмыс кеңесі өтетіндігін мәлімдеді. Шараға екі елдің Мемлекет басшылары  қатысып,  облыс әкімдері, Астана және Алматы  қалаларының әкімдері шақырылады.

«Келесі аптада  Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Шараға барлық өңірдің әкімдері мен Астана, Алматы қалаларының  басшылары шақыртылады.  Біз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке кеңес өткізуіміз мүмкін. Әкімдер  бұл мәселе бойынша  дайындалып келулеріңізді сұраймын», - деді Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы  екі Президенттің  қатысуымен 2016 жылдың  3-4 қазан аралығында Тәуелсіздік сарайында өтеді.  Форум аясында Қазақстан-Ресей бизнес форумын өткізу жоспарланған, оған үздік қазақстандық және ресейлік компаниялар қатысады. Форум аясында әр түрлі салаларда 30 екіжақты келісіміне қол қойылу жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика