Үкімет

Қазақстанда үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі 2018 жылы шешіледі

Қазақстанда үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі 2018 жылы шешіледі, деді Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:43

«Бүгінде республика бойынша 156 апатты мектеп бар. Аталған мәселені 2018 жылдың соңына дейін толығымен шешу көзделген.Ондай мектептердің басым бөлігі Алматы мен Оңтүстік Қазақтан облыстарында орналасқан. Енді, былтыр 6 мектеп салынса, биыл 51 мектеп бой көтерді. Келесі жылы 99 мектеп ашылады. Жыл сайын оқушылардың саны да артып отыр. Сондай-ақ урбанизация мәселесі де бар. Сондықтан қалаларда мектептерді көптеп салу керек де есептейміз»,- деді Е.Сағадиев.

Ол айтып өткендей, урбанизацияға орай республика қалаларда кем дегенде 20 мектеп салу керек.

«Балалардың саны артып, урбанизация жүзеге асуда, меніңше, мектептерді қалаларда салу керек. Министрлік  кем дегенде 20 мектеп салуы керек», - деді министр.

Бюджеттік қаржыға  мониторинг жүргізу бойынша  3 млрд теңге игерілмей қалғаны мәлім болды.

Бүгінде білім және ғылым министрлігі мектептердің тапшылығына қатысты арнайы карта әзірлеп қойған. Оған сәйкес, 2018 жылдан бастап жыл сайын кемінде 50 мектеп салу қажет болады.

«Биыл қосымша 14 мектептің құрылысына бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен, биыл 68 нысанды бітіріп, 14 мектептің құрылысын бастау қажет. Бүгінде үш облыста 8 нысан салу мерзімі кешіктіріліп  жатыр. Атырау қаласындағы «Нұрсая», Бірлік ауылындағы балабақша, Мақат аудандық Досор орта мектебі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша үш нысан: Риддер қаласындағы Мичурин балабақшасы, Тарбағатай ауданы Жетіарал мектебі және Тарбағатай ауданы Ақжар мектебі. Астана қаласы бойынша екі нысан. Олар - 17 мектеп-гимназиясы мен 22 мектептің қосымша құрылысы. Осыған байланысты, аталған нысандарды уақытында аяқтап, пайдалануға беру туралы тапсырманы беруді сұраймын»,-деді білім және ғылым министрі.

 




Яндекс.Метрика