Үкімет

Б.Сағынтаев «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуде құрылыстың жаңа әдістерін анықтауды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуде құрылыстың жаңа әдістерін анықтауды тапсырды.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:38

 Премьер-Министр  Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеу тапсырмасын  сапалы әрі тиімді  түрде жүзеге асыру қажеттігін айтты. Осыған орай Ұлттық экономика министріне тапсырма жүктеді.

Премьер-Министр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша талқылау мен консультацияларды нарық және барлық қызығушылық танытатын тараптардың қатысуымен өткізуді тапсырды. 2017 жылы жаңа бағдарламаның жаңа форматында жұмыс істеуіміз керек.

Үкімет басшысы нысандардың құрылысы кезінде   қазақстандық материалдардың үлесін артыру қажеттігін айтты.

«Тағы бір маңызды мәселелердің бірі отандық материалдардың  құрылыста қолдану үлесін арттыру. Біз қазақстандық құрылыс материалдарының санын  80 пайызға жеткізуіміз керек. Тұрғын үй бағдарламаларының операторлары  салымшылармен  бұл мәселені бақылауда ұстауы керек», - деді ол.  

 

 




Яндекс.Метрика