Үкімет

2016 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік сатып алу жоспары 3,30 трлн теңгені құрады

2016 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 3,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде 1,2 трлн теңгенің келісім шарты жасалды. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:27

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, әрбір облыста мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» АҚ компания тобын сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмыс комиссиясы құрылды.  Барлық жұмыс комиссиясында мемлекеттік сатып алу саласында облыс әкімдерінің орынбасарлары сатып алуды қадағалап отырады»,-деді ол.

ҰКП басшысының айтуынша, 2016 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 3,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде 1,2 трлн теңгенің келісім шарты жасалды.

«Шын мәнінде 286 млрд сома пайдаланылды,оның ішінде қазақстандықтарды қамту 182 млрд теңгені құрады немесе 63 пайыз»,-деді ол.

Ведомство басшысы айтып өткендей, бүгінгі күні Ақмола, Атырау, Жамбыл және Алматы облыстары комиссия жұмыстарын жетілдіруде.

«Алматы бойынша ұқсас отандық өнімдердің қатысуымен  сатып алуға 3,3 млрд теңгенің импорттық тауарларын қолданудың 62 оқиғасы байқалды.  Көбінесе, денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, энергетика және коммуналды шаруашылық саласында. Жұмыс комиссиясы осындай оқиғаларды болдырмау бойынша жұмыс атқарды. Оның нәтижесінде ОТП-мен 41 млрд теңгенің келісім шартына қол қойылды»,-деді А.Мырзахметов.

ШҚО бойынша ҰКП басшысы  шамамен 30 млрд теңге сомасында сатып алу жоспары кезінде 25,5 млрд теңге сомасында келісім шарт жасалғандығын айтты, олардың ішінде ОТП-мен – 18,2 млрд теңгеге және ол 72 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, А.Мырзахметов Батыс Қазақстан  облысында жұмыстың нашар жүргізіліп жатқандығын және Ақмола облысында жұмыстың тиімді жүргізілмей жатпағандығын айтып өтті.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика