Үкімет

Премьер-Министр әлеуметтік тұрғын үй кезегінің мәселесін шешуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік тұрғын үй кезегінің мәселесін шешуді тапсырды.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:23

«Егер статистикаға көз салсақ, соңғы үш жылда кезектегілер саны қауырт өскен,  2013 жылдан бастап олардың өсімі екі еседен асты. Іріктеу жүріп жатыр ма, әлде барлығын  кезекке алып жатырмыз ба? Мүмкін бір адам бірнеше қалада кезекте тұрған шығар?», - деді ҰЭМ министріне Бақытжан Сағынтаев.

ҰЭМ министрі Қуандық Бишімбаев  өз кезегінде,  кезекке тұру  тәртібі «Тұрғын үй қарым-қатынасы» туралы ҚР заңы бойынша жүзеге асырылып жатқандығын айтты. Министр заңда кірістердің градациясы туралы бөлім жоқ екенін айтып өтіп, жалпы заңнаманы түбегейлі жаңғырту қажеттігі туып тұрғандығын атады.

«Бұл көрсеткіштердің соңғы жылдары қауырт жоғарылауы Құрылыс жинақ банкі  желісі бойынша жалға беру пәтерлеріне белсенді сұраныс түсуде, мемлекет тұрғын үй құрылысы желісіне көп көңіл бөледі. ТҚЖБ салымшыларының саны екі жылда 34 пайызға көбейген, кезек бойынша да бұл көрсеткіш байқалып жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  бұл мәселелер шешуін табады, оның ішінде заңнамалық түрде әлеуметтік пәтерге мұқтаж адамдарға ғана баспана үлестірілетін болады», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, өзге тұрғындарға ТҚЖБ  бойынша  арзандатылған ипотекалық несиелендіру шаралары ұсынылады. 




Яндекс.Метрика