Үкімет

Т.Дүйсенова денсаулық сақтау нысандарының құрылысы саласындағы проблемаларды атап өтті

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова республикадағы 21 нысанның құрылыс мәселесіне тоқтады.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:18

 «Қарағанды облысындағы 11 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын, - 95-100% орындалды. Осы нысандар бойынша жұмыс кестесінде кешігу (3 айға) болды, сондықтан сот істі қарап жатыр. 4 нысан құрылысы 70-95% аяқталды. Бұлар - Ақмола облысының Зеренді ауылында емхана, Қабанбай батыр ауылында дәрігерлік амбулатория, Қарағанды қаласында балалар ауруханасы, Қызылорда облысының Талсуат ауылында психоневрологиялық интернат үйі. Ақмола облысындағы емхананың ашылмай отырғанына медициналық жабдықты жеткізудің кешігуі себеп болып отыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова.  +

Биыл Республикалық бюджет есебінен – 53, жергілікті бюджеттердің есебінен – 45 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда олардың 24-інің ғимараты дайын болған. Жыл соңына дейін тағы  52 нысан пайдалануға берілсе, келесі жылы – 22-сінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Сонда ақ, 21 нысан бойынша бірқатар мәселелер туындаған.

Сондай ақ, тағы 6 нысанның ғимараты небары 70%-ға ғана дайын болған. ШҚО, Ақмола және Алматы облыстарының ауылдарында салынып жатқан үш дәрігерлік амбулаторияның құрылысы кешеуілдеп жатыр. Сапасына қатысты да туындаған мәселелер бар.  

Ал Ақтау қаласында салынады деп жоспарланған Аймақтық ана мен баланы қорғау орталығы мен онкологиялық диспансерінің Жобалық сметалық құжаттамасыны қайта түзету енгізіліп жатыр. 

 




Яндекс.Метрика