Үкімет

Қазақстандық жоғары өңделген тауардың экспорты 200 млн долларды құрады – ҰЭМ

Қазақстандық жоғары өңделген тауардың экспорты 200 млн долларды құрады, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:13

«Кәсіпкерлік қызметті белсенді несиелеу есебінен құрылыстағы (6,7%-ға), көлік саласындағы (4,2%-ға), ауыл шаруашылығындағы (4,9%-ға) және өңдеуші өнеркәсіптегі (0,7%-ға) өнім шығару ұлғайтылды», - деді ол.

Министр атап өткендей, экспорт құрылымында сонымен қатар шикізат емес тауарлардың үлесі ұлғайды. Жоғары айналымды өнімнің экспорты өсті – тағам өнеркәсібінің (қанттың және кондитерлік өнімдердің 78,6%-ға 19,8 мың тоннаға дейін – 17,1 млн. АҚШ доллары; ет пен ет өнімдерінің 7,7%-ға 6,6 мың тоннаға дейін – 9,9 млн. АҚШ доллары), химиялық тыңайтқыштардың (62,2%-ға 125,7 мың тоннаға дейін – 27,8 млн.АҚШ доллары) дайын металл өнімдерінің (мойынтіректердің 36,1%-ға 8,6 мың тоннаға дейін – 18,4 млн.АҚШ доллары).

«Аталған позициялар бойынша дайын өнімнің экспорты 2015 жылдың қаңтар-маусымы үшін 184,1 млн. АҚШ долларынан а.ж. қаңтар-мауысымы үшін 197,7 млн АҚШ долларына дейін өсті, солайша жалпы экспортқа үлесті 0,7%-дан 1,2% дейін ұлғайды», - деді министр.




Яндекс.Метрика