Үкімет

Қ.Бишімбаев: ЕДБ несиелік өнімдерінің шектелуі бизнесті несиелеуді кідіртеді

ЕДБ ұсынған несиелік өнімдердің шектелуі бизнес жобаларының несиелендіру факторына тежеуіш болады: нарық мөлшерлемелері, несие ұысынудың ережелері, кепілдікті қамтамасыз ету талаптары екінші деңгейлі банктер арасында бірдей, деп Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:09

«Міндетті түрде тек ірі қалаларда емес, сонымен қатар ауылдық елді мекендерде бизнес жобаларды несиелендіру бойынша екінші деңгейлік банктің жұмысын өзектендіру керек. ЕДБ ұсынған несиелік өнімдердің шектелуі бизнес жобаның несилендіру факторына тежеуіш болып табылады. Нарық мөлшерлемелері, несиені ұсыну ережелері, кепілдікті қамтамасыз ету талаптары екінші деңгейлі банктер арасында бірдей.  Несиелік өнімдерді әртараптандыру үшін ешқандай ынталандырулар жоқ»,-деді ҚР ҰЭМ басшысы.

Оның айтуы бойынша, осы бағытта Ұлттық банк дұрыс саясатты ойластыруы керек.

«Жалпы, ШОБ-тың ЖІӨ-ге қосқан үлесі қазір 24,9% -ды құрайды.Аталмыш көрсеткішті ұлғайту үшін, Мемлекет басшысының бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес,  біз экономикалық тұрғыдан халықтың құзыретін белсенді арттыру, шағын несие жүйесін кеңейту және жетілдіру бойынша жұмыстар әзірлеудеміз»,-деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, елімізде бизнес ахуалды жақсарту үшін Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтінгі бойынша жұмысының аясында заңнаманы реформалау бойынша жұмыс жалғасын табады.




Яндекс.Метрика