«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы 200 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы 200 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:06

 «БЖК-2020» бағдарламасын іске асыруға ағымдағы жылда 60,3 млрд.теңге бөлінген (39,6 млрд. теңге игерілді). Бүгінгі күнге 120 млрд. теңге сомасына 1080 жобаның құны арзандатылған (445,8 млрд. теңге сомасына 2014-2015жж. 3 092 жобасы қосымша субсидиялануда), несиелердің сомасы 11,8 млрд. теңгеге 483 жоба кепілдендірілген, 11,2 млрд. теңге сомасына ШОБ 30 жобасына және 4,5 млрд. теңге сомасына 6 индустриялық аймақты құру үшін инженерлік инфрақұрылым шығарылуда, шамамен 79 мың кәсіпкерлер оқытылды және кеңес алды.

«2014-2015 жылдары бөлінген Ұлттық қордан 300 млрд. теңге есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті жаңартпалы несиелеу жалғасуда. 380 млрд. теңгеден астам сомаға 1 529 жоба қаржыландырылып қойды.Бизнесті несиелеу үшін ЕДБ қорландыру көзі АДБ (68 млрд. теңге) және ЕИБ (88,4 млрд. теңге) 156,4 млрд. теңге көлемінде қосымша несие желілерін тарту болып табылады», - деді ол.

«Өсімнің қосымша көзі индустриялық аймақтарда ірі және шағын кәсіпорындардың өндірістерінің кооперациясы болуы мүмкін.Бүгінгі күні елде 42 индустриялық аймақ бар, олардың 27 салынып жатыр және 15 қолданыста.  25 индустриялық аймақты құруға «БЖК-2020» бағдарламасының аясында 24,4 млр. теңге бөлінді, олардың ішінен 12 ИА әрекет етуде, онда 700 млрд. теңгеден аса инвестициялар сомасына 273 өндіріс орналастырылған және 626 млрд. теңге сомасына өнім шығарылған», - деді ол.Ағымдағы жылда «БЖК-2020» аясында 6 индустриялық жолды құруға Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 4,5 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

 




Яндекс.Метрика