Үкімет

Е.Досаев: Қазақстанда өңірлер бойынша тұрғын үй көлемін қайта үлестіру қарастырылуда

Қазақстанда өңірлер бойынша тұрғын үй көлемін қайта үлестіру қарастырылуда, деді Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 11:02

«Тұрғын үй құрылысы  елдің барлық өңірінде жүргізіліп жатыр,  бірақ құрылыс көлемі бойынша теңсіздіктер байқалып жатыр, құрылыста көш бастап тұрған  ОҚО, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстары», - деді ол.

Е.Досаев атап өткендей, Қызылордада  2016 жылдың ақпанында Ұлттық қордан бөлінген қаржыға салынған 7 үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Холдинг басшысы айтып өткендей, тұрғын үй құрылыс  жобалары Қарағанды облысында жоқ. Әкімдікте   салушылармен жұмыс кеңесі өткізіліп, 1,7 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды. Салушылар құжаттарды реттеп жатыр. Астанада да жобалар жоқ, себебі құрылыс жүргізу кезінде паркингтердің де құрылысын жүргізу қажет.. Құрылыстың төмен бағасына байланысты салушылар тарапынан қызығушылық аз болып отыр.

«Әкімдікте құрылыс компаниялары мен жұмыс кеңестері өткізіліп,  9.6 млрд теңгенің  меморандумына қол қойылды. Әкімдіктермен келіссөздерден кейін  тұрғын үй кешендерінің бағасын қалыптастыруды салушылар қызығушылығы мақсатында қайта қарастырған жөн", - деді ол.

Бөлінген қаржыны қолданған соң,  Құрылыс жинақ банкі сұранысына байланысты облыстар бойынша құрылыс көлемдері бөлінеді. Салымшылардың 50 пайызы Алматы мен астана қалаларын қарастырып отыр.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика