Үкімет

Жыл басынан бері жалға беру және несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жоспарының 67 пайызы игерілді

2016 жылдың 9 айында жалға беру және несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жоспарының 67 пайызы игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 10:51

«2016 жылы  112,1 млрд теңгені игеру жоспарлануда, бүгінде  жоспардың  74,5 млрд теңгесі  немесе 66,5 пайызы  игерілді. Жыл соңына дейін салушыларға 37,6 млрд теңге  бөлінеді», - деді ол.
 Айта кетерлігі,  2016 жылы  жалға беру және несиелік  тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан  202,5 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде: 113 млрд теңге жалға беру және несиелік тұрғын үй  құрылысына «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы,  67 млрд теңге  ЖАО құнды қағаздарын алуға, 22,5 млрд теңге  «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ  арқылы жалға беру тұрғын үй құрылысына бағытталды.

 Е.Досаев айтып өткендей,  құрылысты қаржыландыру  сараптамасы мемлекеттік органдардың  нақты жұмысы мен Холдингтің еншілес ұйымдарының  құрылысты жеделдету қажеттігін көрсетеді.

«Алаңы 233,8 мың шаршы метрге 40,8 млрд теңге қарастырылған қор бар,  ол 2016-2017 жылдары пайдалануға берілу бойынша меморандумдардың түзілуі нәтижесінде пайда болды. Салушыларда қажетті құжат топтамасының толық болмауы проблемаға әкеліп отыр. Бұл орайда  әкімдік  жер учаскелерін беру үрдісін жеделдетулері керек. 2017 жылы бұрын әзірленген жобаларды қайта қолдану қарастырлып отыр», - деді Е.Досаев.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика