Үкімет

Үкімет басшысы ІІМ министріне Алматы облысындағы қылмысты жеке бақылауына алуды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысындағы адам өлтіру қылмысына қатысты мәселені Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жеке бақылауына алуды тапсырды.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 10:36

«Қыркүйектің 20-сы күні бізге базарда мал сатамыз деп, үш азаматтың жоғалғаны туралы арыз түскен. Келесі жылы біз бір машинаны таптық. Біз олардың 41 бас малды сатуға алып шыққанын анықтадық. Ал қыркүйектің 23-і күні екінші жүк көлігін тауып алдық. Артынан жергілікті xалықтың қылмыскерлерге көмектескенін білдік. Олар жолда батпаққа батып кеткен. Сонда көмек берген жергілікті тұрғындардың арқасында қылмыскерлердің кім екенін анықтадық. Қылмыскерлер мал базарындағы ағайынды жігіттерге жолығып, ірі қараны толығымен алып кетеміз деп, алдап, бір шатқал жаққа алып барған. Сол жерде мал сатушы жігіттерді өлтірген. Ал мал мен адам мәйіттері тиелген жүк көліктерімен келе жатқанда батпаққа батқан.Сол кезде олар жергілікті xалықты көмекке шақырған. Қазіргі кезде қылмыскерлер ұсталды. Мылтық тәркіленді. Қылмыскерлер мәйітті көміп кеткен жерді көрсетті», - деп атап көрсетті Қ.Қасымов.

Министр айтып өткендей, бүгін  қайтыс болған азаматтарды жерлеу рәсімі өтеді. Іс Алматы облыстық ішкі істер департаментіне тапсырылды.

Үкімет басшысы есепті тыңдап болған соң, министрге аталмыш істі өз бақылауына  алуын тапсырды.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыспен күрес – біздің  жұмысымыздағы басты басымдық.Жақын арада біз бұл мәселелерді Үкіметтің отырысында талқылаймыз, Канцелярияға сәйкес тапсырма жүктелді»,  - деді Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, Алматы облысында 18 қыркүйекте үш тұрғын жоғалып кетті. Үш ағайынды Ұзынағашқа мал сатуға барып,  үйлеріне оралмады. Кейін олардың денелері зорлық-зомбылықпен өлтірілгені анықталды.

Облыстық ІІД мәліметінше, қазіргі таңда сотқа дейін зерттеу  ҚР «Адам өлтіру»  Қылмыстық кодексінің  99 бабы бойынша басталды. Қылмыс бойынша іс-әрекеттер Алматы облысының ІІД назарында.  




Яндекс.Метрика