Үкімет

ҰЭМ басшысы несиелік тұрғын үй құрылысында қалыс қалған облыстарды атады

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев несиелік құрылысқа тартылған қаржыны игеру бойынша жұмыс басталмаған 8 облысты атады.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 10:19

Министрдің айтуынша, биыл  несиелік  тұрғын үй құрылысына  жергілікті атқарушы органдар облигацияларды шығару есебінен 41,7 млрд теңге  қарастырды,  ал облигация  жолымен  38,2 млрд теңге  шығарылды.

Облигация сомасының төмендеуі Павлодар (1,6 млрд тенге), Қостанай (1,2 млрд тенге), Алматы (558 млн тенге) және Атырау облыстарында  (69 млн тенге) байқалды.

«Бүгінде тартылған қаржыларды игеру 17 нысан бойынша Алматыда әлі басталмады, сол сияқты ОҚО-да 11 нысан,  Алматы мен Атырау облысында  алты нысаннан, БҚО, Маңғыстау және Павлодар  облыстарында 4 нысан,  Қарағанды облысында 3 нысан, ШҚО-да екі нысан бойынша жұмыстар басталмады», - деді министр.

ҰЭМ басшысы айтқандай, биыл инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды  жергілікті тұрғын үй құрылысына жүргізу үшін  110,9 млрд теңге бөлінді. НТҚ құрылысына бөлінген қаржыны игеру бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр.

Ал қаржы төмен игеру көрсеткіші Алматы, Жамбыл, Батыс және Оңтүстік Қазақстан және Астанада байқалып отыр. Қ.Бишімбаевтың айтуынша, әкімдіктер  құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, жыл соңына дейін қаржыны толық игерулері керек. 




Яндекс.Метрика