ҚР Президентінің Жолдауы

2016 жылы ШҚО-да ауылдық жерлерде 40 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді

2016 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезең ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауылдық жерлерде жалпы алаңы 40468 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілген.
Шығыс Қазақстан27 Қыркүйек , 14:51

Облыстық статистика департаменті хабарлағандай, тұрғын үйлердің басым бөлігін салу жеке үй салушыларға тиесілі (68,1%).Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын дамыту барысында ауылдық жерлерде әлеуметтік құрылыс объектілері салынуда. 8 ай ішінде Жарма, Ұлан және Үржар аудандарынан 940 оқушы білім ала алатын 3 жаңа жалпы білім беретін мекемелер пайдалануға берілді.  

Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беретін 2 мекеме Бесқарағай және Үржар аудандарынан 160 бала қабылдайды.   

Біздің облыстың ауылдық жерлерінде тұратын тұрғындардың тұрмыстық деңгейін жақсарту жалғасуда. Ауыл тұрмысын қолайлы және тартымды ететін әлеуметтік саладағы құрылыс толыққанды жүргізіліп, жаңа объектілер пайдалануға беруге дайындалуда.




Яндекс.Метрика