«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Таразда жылыту маусымына орай 40 км жылу жүйесі жөнделді

«Нұрлы Жол» бағдарламасының бағыттарын іске асыру аясында ағымдағы жылы Тараз қаласында жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын инженерлік желілерге күрделі жұмыстар мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл27 Қыркүйек , 20:41

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметі  бойынша, Тараз қаласының алты ұйымы жылу өндіруші және жылу беруші болып табылады.

Орталықтандырылған жылу желісіне 1187 тұрғын үй қосылған. Жыл беру маусымына 1146 көпқабатты үйлер дайын және 96,5 пайыз үйлерге дайындық құжаттары әзірленген.

«ТҮКҚ-2020 Жаңғырту» бағдарламасы аясында, қайтарылған қаражаттың 232,6 млн теңге сомасына инженерлік желілерге жөндеу жұмыстары жасалды. Бүгінгі күні 559 көпқабатты үй ыстық су жүйесіне қосылған.

Жалпы, аймақтың жылу беру маусымына дайындығы 97,6 пайызды құрайды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында 462 қазандық жұмыс істейді, қазіргі күні жылу беру маусымына 97,2 пайызға дайын.




Яндекс.Метрика