Өңірлер

Алматының 2016 жылғы бюджеті 30 млрд. теңгеге нақтыланды

Алматының 2016 жылғы жергілікті бюджеті 30 млрд. теңгеге нақтыланды. Бұл туралы қала Мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы27 Қыркүйек , 15:09

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов айтып өткендей, бұл қаржы мына шараларды жүзеге асыруға жұмсалады: жедел жәрдем қызметінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға, ІІД-не, көлік жүйесін жасқартуға, қала тұрғындарының діни сауатын арттыруға, қаланы жасылдандыруға, электромобильдер станцияларын құруға, білім, денсаулық сақтау нысандарының сейсмикалық қуатын күшейтуге, қалаға қосылған елді мекендерге газ жүргізуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге.

«Депутаттар жалпы құны 5,1 млрд. болатын жаңа коммуналды автобус паркін салуды және жеклеген азаматтар үшін жеңілдетілген жолақысын төлеуге 595,3 млн. теңге бөлуді ұсынды», - деді М.Қиқымов.

Сессия барысында қоғамның қауіпсіздігін күшейтуге ерекше назар аударылды. Көлікке және адамдар көп жиналатын жерлерге видео-мониторинг жүргізу жобасына 8,6 млрд. теңге, жол қозғалысы ережесін бұзғандарға видео-фиксация жасау жобасына 5,8 млрд. теңге бөлінеді.

М.Қиқымов 2017 жылы жобаларды қосалқы қаржыландыру үшін мақсатты трансферт тер есебінен 1,4 млрд. те ңге бөлу қажеттігін, оның емхана, 5 мектеп, 7 бала бақша, Наурызбай ауданындағы аудандық ІІБ-ның ғимаратын, қалаға қосылған елді мекендерге электр желісін тартуға жұмсалатындығын жеткізді.

А лматы әкімі Б.Байбек Наурызбай ауданы мен қалаға қосылған елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда екендігін атап өтті. О л қаржының басым бөлігі қала экономикасын дамытуға, алматылықтар үшін жақсы жағдай жасауға, бизнеске жұмсалатындығын айтты.

«Егер орта жайлы болса, онда қоғамдық көлік жақсы жұмыс істейді, жолдар жасқарады, мектептер, ауруханалар, бала бақшалар салынады. Жақсы тұрмыс деген міне, осы, Жақсы инфрақұрылымды жасай отырып, біз бизнеске қолдау көрсетеміз. Ал бизнес өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, салық төлейді», - деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, жергілікті бюджеттен 30 млрд. теңгенің бөлінуіне озық жоспарлаудың, түрлі шығындарды азайтудың, тиімді табыс көздерін жасаудың, ОКБ-ді дамытудың арқасында қол жетті.

Универсиада нысандарын саул арқасында 9,3 млрд. теңге салық төленді.Мультипликативті ықпалға қазақстандық үлесті 64%-ға жеткізу арқасында қол жетті, құрылысты жүргізуге 1500 отандық кәсіпорындар қатысты.

Осылайша, Алматының 2016 жылға нақтыланған бюджеті 512 млрд. 662 млн. 572,2 мың теңгені құрады.

 




Яндекс.Метрика