Евразиялық одақ

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас ілгерілеп келеді – сарапшы (БЕЙНЕ)

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас ілгерілеп келеді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмақадыр Акенеев (Қырғызстан).
Әлемде 27 Қыркүйек, 09:13

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас ілгерілеп келеді, ынтымақтастық одан әрі нығая түседі. Биыл  ТМД елдерінің мерейтойлық саммиті өтті, ол 1991 жылы Алматы қаласында құрылған болатын, соның ізімен Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақты құруды  ұсынды. Осы орайда ТМД біздің елдер арасындағы оңтайлы рөлін ұзаққа дейін сақтап қалады», -  деді Ж.Акенеев.

Сондай-ақ, профессор Еуразиялық экономикалық одақтың рөлін атап өтті.

Оның айтуынша, одақтың нәтижесінде Қырғызстан халқы ЕАЭО елдерінде еңбек етіп, өмір сүруге толық мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді.

Одақтың құрамына Армения, Беларусь, Казақстан, Қырғызстан   және Ресей елдері кіреді.

Ботагөз Айтжанова

Бейне:  Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика