Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстан мен Грекия екі ел арасында әуе қатынасын орнату бойынша меморандумға қол қояды. Бұл туралы Қазақстан-Грекия экономикалық және теxнологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысында ҚР Сыртқы істер істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 18:33

«Бүгін біз Қазақстан мен Грекия әуе қатынасы туралы келісімге қол қоюы туралы келістік.Қазақстандық туристердің Грекияға демалуға барар кезде біраз қиындықтарға тап болатыны белгілі. Себебі, Грекияға тікелей ұшатын әуе рейсі жоқ. Сондай-ақ жазда чартерлік әуе рейстерінің саны аз», - деді басшы.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан мен Грекия тарапы әуе қатынасы бойынша келісімге келуге дайын екендігін айтты.

Сондай-ақ, Р.Василенко айтқандай, күн тәртібінде тағы екі экономикалық келісім орнату көзделген.

Кездесу соңында қос мемлекет салық салу жүйесін жеңілдетуді және инвестияны қорғау бойынша конвецияға қол қоюды жоспарлап отырғанын айтты.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика