Мәдениетті жаңғырту

Қазақстандық кино әлемдік киноиндустрияның негізгі бөлігі болып саналады

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова XII «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің қатысушыларына сәттілік тіледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 18:54

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Ширек ғасырда біздің еліміз  қоғам мен мемлекеттің әр саласында  түбегейлі өзгерістер жасап, демократиялы дамыған қазіргі заманғы елге айналды

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан Президенті  мәдениет пен өнердің дамуына  аса көңіл бөлді. Республикада  жаңа мәдениет ошақтары – театр, кітапхана, музейлер салынды. Мәдени саясаттың тұжырымдамасы қабылданды. Ол отандық кинематографияның дамуына назар аудартады.

Бұл жылдары қазақстандық  кино  жаңа деңгейге шықты, бүгінде әлемдік киноиндустрияның  маңызды бөлігі болып саналады. Бұл шараға «Еуразия» халықаралық кинофестивалі зор үлес қосты. Аталмыш кинофестивальдің тақырыбы махаббатқа арналды. Барлық игі істердің бастауы осы махаббатан басталады», - деді Г.Әбдіқалықова. 

 




Яндекс.Метрика