Халықаралық интеграция

Бақытжан Сағынтаев пен Го Чок Тонг қаржылық қызмет көрсету және қадағалау саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапур Парламентінің мүшесі, Құрметті аға министр Го Чок Тонгпен кездесті.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 18:17

Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, өзара сауда-саттық көлемін арттыру үшін жағдайлар тудыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлады  pm.kz.

Келіссөздер барысында ұлттық әл-ауқат қорлары және даму институттары бойынша жоғары технологиялар саласында әріптестік орнатудың перспективалары нақтыланды.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев пен Го Чок Тонг қаржылық қызмет көрсетуді реттеу мен қадағалау бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім, ғылым саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.




Яндекс.Метрика