Адами капитал

Н.Ермекбаев: Қазақстандағы Рим-католик шіркеу қоғамда толеранттылық пен келісімді нығайтуда тиімді жұмыс істейді (ФОТО)

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстандағы Рим-католик шіркеуінің архиепископы Томаш Пэтамен кездесті.
Нұр-Сұлтан 26 Қыркүйек, 17:32

Шара барысында тараптар мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады, сонымен қатар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Республикалық діни бірлестіктер туралы ҚР Заңның орындалуын талқылады.

Кездесу барысында Н.Ермекбаев әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу, одан әрі конфессияаралық келісімді нығайту және елдегі заңнамалықты сақтау бойынша бірлескен күш-жігерлердің маңыздылығын атап өтті.
Оның айтуынша, министрлікпен қойылған бірінші тапсырма – ол мемлекет пен діни конфессиялардың арасындағы үйлесімді, тиімді ынтымақтастықты дамыту.
«Біз Қазақстанның рим-католиктік қауымы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік саясатын әрдайым қолдайтындығын білеміз. Рим-католиктык қауымдастықтың мүшелері әрқашан заңға бағынды»,-деді Н.Ермекбаев.

Өз кезегінде Томаш Пэта дінбасылар Қазақстанның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауын тұрақты жалғастыратындығын айтып өтті.
Шара аясында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастың мәселелерін, Қазақстандағы діни қызмет субъектілерінің арасындағы ішкі диалогты кеңейту мәселелерін талқылады.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика