Мәдениетті жаңғырту

Қазақфильм қытайдың жетекші кинокомпаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Жібек жолы» атты қытайдың халықаралық кинофестивалі аясында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Батыс Қытай киносы» Корпорациясы серіктестік туралы Меморандумға қол қойды.
Казахстан26 Қыркүйек , 19:47

«Өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделе отырып, тараптар ел арасындағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік өзара іс-қимылға ықпал ететін болады, сонымен қатар Қытайдың  кино саласы нарығының зор әлеуетіне сүйене отырып, мәдени алмасу және кино өнеркәсібі саласындағы екіжақты табысқа қол жеткізуге талпыныс жасалатын болады», деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі.

«Бұл отандық киномотографтар үшін үлкен оқиға болып табылады. Аталмыш меморандум Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында достық мен ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болады»,-деді киностудияның вице-президенті Серік Жұбандықов.

Кездесі барысында тараптар екіжақты бірігіп жасалатын кино саласында ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. 




Яндекс.Метрика