Қазақстанның Тәуелсіздігі

Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы кезеңінде тарихи салада айтарлықтай серпін жасады – Норвегия елшісі

Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығында тарихи дамуында айтарлықтай серпін жасады, келісімнің, бірліктің және берік ұстанымның нәтижесінде экономикалық даму мен азаматтық келісімді жүзеге асырды, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстандағы Норвегияның Тұрақты және Төтенше елшісі Йохан Берной.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 20:43

«Биыл  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына куә боламыз. 25 жыл ішінде Қазақстан  тарихи дамуда айтарлықтай серпін жасады, қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың  төрағалығымен  жасампаз және қазіргі заманғы ел құру  жолында жұмыс істеуде.

Оның айтуынша, келісімнің, бірліктің   және берік ұстанымның  нәтижесінде  экономикалық даму мен азаматтық келісімді жүзеге асырды. Оған дәлел Қазақстанның жас астанасы – Астана қаласы, ел гүлденуінің көрінісі болып табылады.

«Астана –  белсенді түрде дамып жатыр. Бұл қаланың әсемдігіне тамсанамын. Астанада алғаш рет 1999 жылдың  қыркүйегінде келдім, ол кезде басқа қала болатын. Осы уақыт аралығында  қала түбегейлі өзгеріп, гүлдене түсті.  Астана әлемдік стандартқа толық сай,  қала инфрақұрылымы барлығына оң әсер береді», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика