Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Керей-Опар учаскесінде 15 ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда - ИДМ

«Қазгеология» АҚ Қарағанды облысының Керей-Опар учаскесінде бұрғылаудың әр түрлері бойынша кең ауқымда жұмыс істей алатын «DandoWatertec» маркалы жаңа, көп функциялы, өздігінен жүретін 2 бұрғылау қондырғысын пайдаланып жұмыс жүргізу басталды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды27 Қыркүйек , 08:47

«Қазгеология» АҚ өндіріске енгізіп отырған бұл қондырғыны әлемдегі әйгілі «Dando Drilling International» компаниясы шығарған. (Ұлыбритания).

Керей-Опар алаңындағы геологиялық барлау жұмыстарын компания мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүргізуде. Жұмыстардың жалпы алаңы 1728 ш. км, оның ішінде геофизикалық жұмыстар учаскесінде шамамен 200 ш. км.құрайды. Ағымдағы жылы учаскеде тереңдігі 140-тан  300 метрге дейін, жалпы көлемі 3200 қ.м. 15 ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда. Бүгінгі таңда шамамен 500қ.м. бұрғыланды. Жұмыс жоспарына сәйкес   учаскені бұрғылау жұмыстарын биыл қарашаның алғашқы онкүндігінде аяқтау көзделуде.

Алаңда бұрғылау жұмыстары жүргізілетін 7 перспективалы учаске анықталды. Учаскелердің геологиялық табиғаты зертханалық жұмыстарды жүргізу процесі кезінде анықталатын болады.  




Яндекс.Метрика