Өңірлер

Ақмола облысында майлы дақылдар рекордтық өнім беруі мүмкін (ФОТО)

Ақмола облысында майлы дақылдардың рекордтық өнімі бақыланады,нақты айтқанда 180 мың тонна көлемінде, деп аппараттық кездесу барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Балпан айтты.
Ақмола 26 Қыркүйек, 20:03

Оның айтуынша, дәнді дақылдарды жинау жұмысы аяқталу үстінде. Қазіргі күні өңірде астықты бастыру 3 млн 800 мың га алаңды құрады, бұл астық жинау алаңының 88,5 пайызын құрайды. 4 млн 982 мың тонна көлемінде дақыл  жиналды.

«Дақылдарды қабылдауға келетін болсақ, ағымдағы жылы 3,9 млн тонна көлемінде қоймасы бар 62 белсенді лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, өңірде картоп пен көкөністер 80 пайыз алаңнан жиналды және ауданның мәліметі бойынша 199,8 мың тонна картоп және 42 мың тонна көкөніс  жиналды»,-деді ол.

М. Балпанның айтуынша, майлы дақылдар 91,7 мың га алаңнан жиналды.

Жалпы алғанда, облыста егістік жинау жақсы қарқынмен келе жатыр және егер ауа райы қолайлы болса, қысқа уақыт ішінде мүмкіндігінше астық жинау науқанын аяқтауға мүмкіндіктер бар. Нақты айтқанда , ағымдағы жылдың 1 қазан айына дейін жинауға болады.

Қазіргі күні астық бастыруға барлық 8,6 астық жинайтын бірлік жұмысқа кіріскен.

Облыс әкімі Сергей Кулагин құзырлы органдарға егін жинау науқанын аяқталғанға дейін бақылауда ұстауға тапсырма берді.





Яндекс.Метрика