Қазақстанның Тәуелсіздігі

Н.Жолдасбеков: Тәуелсіздік жылдарында ҚР сот жүйесі өз дамуының биік белестерін бағындырды (БЕЙНЕ)

Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанның сот жүйесі қайта құрудың қиын кезеңдерін бастан өткеріп, өз дамуының биік белестерін бағындырды деді ҚР Жоғарғы сотының (соты) судьясы Нұржан Жолдасбеков Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 26 Қыркүйек, 16:57

 «Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанның сот жүйесі қайта құрудың қиын кезеңдерін бастан өткеріп, бұл аралықта үлкен өзгерістер болғандығын сенімді түрде айта аламыз», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында көптеген заң актілері, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық, азаматтық-процессуалдық кодекстер, еңбек кодексі және басқа да  қоғамдық қатынастарды реттейтін заң актілері қабылданды.

 «Сот құрылымы мен сот өндірісі жүйесінің өзі айтарлықтай өзгерді, жекелеген санаттағы істерді қарайтын мамандандырылған соттар құрылды. Бүгінгі күні Қазақстанда мамандандырылған халықаралық-экономикалық соттар,  мамандандырылған әкімшілік соттар, аса ауыр қылмыстар бойынша алқа билердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған халықаралық соттар бар» -деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Н.Жолдасбековтің айтуынша, сот лауазымына үміткерлерді таңдауда да көп өзгеріс тер енгізілген.

«Жалпы алғанда, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан сот жүйесін дамытудың және жетілдірудің биік белестерін бағындырды», - деп қорытты сөзін Н.Жолдасбеков.

Индира Кауметова

Бейне: Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика