Инфрақұрылымның дамуы

Солтүстік Қазақстанда ауылдықтарға арналған 135 пәтерлік 6 жатақхана салынады

Сотүстік Қазақстанда облысының 5 ауданында 135 пәтерлiк 6 жастар жатақханасының және Аққайың ауданының Смирново селосында 5 жеке тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан26 Қыркүйек , 19:32

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде өңiр басшысының төрағалық етуiмен кезектi аппараттық кеңес өттi. Онда 2016 жылдың 9 айы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасын көтеруге жол бермеу шаралары қарастырылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының бiрiншi бағыты бойынша 75 инфрақұрылымдық жобаның 53-нде жөндеу жұмыстары аяқталған, ал 22-нде бұл жұмыстар жалғасуда. Аталған мәселе туралы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Сақыпкереев баяндады.

Асқар Жоламанұлының айтуынша, жобаларды жүзеге асыру барысында 1077 жаңа жұмыс орындары құрылған, оларға жұмыспен қамту орталықтары арқылы 564 адам жұмысқа орналасқан.

«Елдi мекендердi абаттандыру үшiн ҚР Үкiметiнiң арнайы қорынан 1 млрд. 473 млн. теңге көлемiнде қаражат бөлiндi. Аталған қаржы 4 шағын қала мен 307 елдi мекенде 512 жобаны жүзеге асыруға арналған», — дедi мекеме басшысы.

Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту дол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан берi «ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ арқылы 658,3 млн. теңге көлемiнде 277 жеңiлдетiлген несиелер берiлдi. Берiлген несиелердiң жалпы санынан 165 қарыз алушы алынған несиенi бизнесiн кеңейтуге жұмасаған. Шағын несие алушыларға қосымша 346 жұмыс орны құрылған.

Бағдарлама аясында облыстың 5 ауданында 135 пәтерлiк 6 жастар жатақханасының және Аққайың ауданының Смирново селосында 5 жеке тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде.




Яндекс.Метрика